«Артық білім – кітапта»: Балалар арасында кітап оқу байқауы өтті
Маңғыстау облыстық Қ. Сыдиықов атындағы кітапханасы және Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің ұйымдастыруымен «Қаныш Сәтпаев кім?» кітабынан «Артық білім-кітапта»оқу байқауы өтті.
Білімге құштарлықты дамытуға бағытталған бұл сайысқа 12 жастағы 20-ға жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынады. Балалар кітаптың мазмұнын талдап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізу арқылы білім деңгейлерін көрсетті.
Шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы сөз сөйлеп, жасөспірімдерді кітапты көп оқуға, ғылым мен ізденіске ерекше мән беруге шақырды. Сонымен қатар осындай игі іс-шаралардың жас буынның рухани және зияткерлік дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті.
Байқау соңында жеңімпаз атанған оқушыларға қаржылай сыйлықтар мен сертификаттар табысталды .
Білім сайысына қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық кітапхана ұжымына және қажылар қауымдастығына Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің атынан үлкен алғыс білдіреміз!















