blog Images

«Маңғыстау TV»эфирінде ҚМДБ құжаттары насихатталды

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау TV арнасының арнайы тікелей эфиріне қатысып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен маңызды құжаттарды кеңінен таныстырды.

Сұхбат барысында облыс бас имамы «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұжырымдамасы ,«Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (тәртібі мен мәзірі)» құжаттарының мазмұны мен мағынасына тоқталды.

Әнуар Ізімбайұлы аталған құжаттардың қоғамдағы рухани тәрбие, отбасы құндылықтарын нығайту және діни рәсімдерді шариғат талаптарына сай, ысырапсыз орындауға бағытталғанын атап өтті.

Сонымен қатар, Әнуар Ізімбайұлы алдағы уақытта бұл құжаттар облыстағы барлық мешіттерде насихатталып, жамағатқа жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.