Наиб имам арнайы мектепте тәлімдік насихат жүргізді
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы облыстық арнайы мектеп-интернатында болып, «Білімге деген құштарлық» тақырыбында тәлімдік насихат жүргізді.
Кездесу барысында наиб имам оқушыларды білімге ынталандырып, ізденіс пен жауапкершіліктің маңызын түсіндірді. Сонымен қатар, «Адам оқыған сайын биіктейді»атты Брайль қарпі бойынша зағип оқушылар арасында өтетін сайыстың ұйымдастырылатынын хабарлап, балаларға сәттілік тілеп, рухани қолдау көрсетті.







