blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде «Дін мен дәстүр III» кітабы бойынша білім сайысы өтті

Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінің ұйымдастыруымен Жаңаөзен қаласына қарасты мешіт жамағаттары арасында «Дін мен дәстүр III» кітабы бойынша IQRO QUIZ білім сайысы өтті.

Сайысқа қатысушылар кітап мазмұны негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен жылдамдықтарын сынады.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталды:

Негізгі жүлделер (Руханият кітап дүкеніне сертификат):

• 1-орын – 20 000 тг

• 2-орын – 15 000 тг

• 3-орын – 10 000 тг

Қатысушыларды ынталандыру мақсатында «Үздік ойыншы» – 5 000 тг сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, қосымша ынталандыру ретінде:

• 1-орын иегеріне –« İrimshik Fast Food» мейрамханасына (10 000 тг)сертификат

• 2-орын иегеріне –« İrimshik Fast Food» мейрамханасына (10 000 тг)сертификат табысталды.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, жамағаттың діни білімге деген қызығушылығын арттыра түсті.