blog Images

МАҢҒЫСТАУ МЕШІТТЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігіне қарасты аудан және қала мешіттерінің имамдары 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша жылдық есеп берді.

Жыл басында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялаған болатын. Осыған орай ,діни басқарма бекіткен ауқымды 4 бағытқа сәйкес, өңірлік мешіттерде бірқатар маңызды іс-шаралар жүзеге асырылды.

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы өкілдікке қарасты қала және аудан,ауыл имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2025 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады. Сонымен қатар, діни басқарманың және өкілдіктің жылдық жоспарын толық орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан имамдардың еңбегі бағаланды. Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында үздік имамдарға қаржылай сыйақы және алғыс хаттар табыс етілді.

Марапатталған дін қызметкерлері:

  1. «Дін мен дәстүр« бағыты – Қосай ата мешіті
  2. Оқу-ағарту бағыты – Әбіш қожа мешіті
  3. Исхан және насихат бағыты / «Үздік уағызшы 2025» – Асға Юнус Қадырғұлұлы
  4. Діни оңалту бағыты – Оңғарбаев Байкенже Серікбайұлы
  5. «Үздік қала мешіті 2025» – Шопан ата мешіті
  6. «Үздік аудан мешіті 2025» – Бейнеу аудандық мешіті
  7. «Үздік ауыл мешіті 2025» – Мұнайшы ауылдық мешіті
  8. «Үздік имам -2025» – Арман Азанқұлұлы
  9. «Үздік наиб имам 2025« – Устокурбан Одилұлы
  10. «Үздік ұстаз -2025» – Мұратқали Нұржанұлы
  11. «Үздік әйел ұстаз 2025» – Ақмарал Сисенбайқызы
  12. «Үздік пәтуа маманы 2025» – Ержан Бақытжанұлы
  13. «Үздік кеңсе маманы 2025» – Камила Базарбайқызы
  14. «Үздік медиа мешіті 2025» – Ержан хазірет мешіті
  15. «Еңбекқор имам – 2025« – Абдуллаұлы Амидулла
  16. «Үздік есепші 2025» – Дәметкен Нұрмұханқызы
  17. «Дархан дала насихатшысы-2025» – Қайрат Көшкелдіұлы
  18. «Ақпарат саласының үздігі 2025» – Махаббат Төреханқызы
  19. Ардагер имам – Талғат Ақжігітұлы
  20. «Үздік қызметкер 2025» – Қуаныш Нукусбайұлы
  21. Әйел-қыздар секторының үздігі – Қоңыратбайқызы Ұлдәулет
  22. «Үздік аудандық наиб имам 2025» – Өмірзақұлы Бағжан
  23. «Көрікті мешіт – 2025» – Шаңырақ мешіті
  24. «Үздік ауыл молдасы 2025» – Абдурахим Каримұлы
  25. «Үздік қайырымды мешіт – 2025» – Миғраж мешіті
  26. Жастар секторының үздігі – Еламан Жұмабайұлы
  27. «Үздік кітапханашы –2025»- Мұнара Жоламанқызы
  28. «Үздік ауыл имамы 2025» – Әлібек Асқарұлы
  29. «Үздік ауыл молдасы – 2025» – Жонасов Нұрболат
  30. «Үздік жыл есепшісі – 2025» – Болтаев Бөрібай