blog Images

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ҰЙЫМЫ»:ОБЛЫС БАС ИМАМЫ АЛҒЫС ХАТПЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау облысының әкімі атынан «Жомарт жан» байқауының «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы бойынша Алғыс хатпен марапатталды.

Марапатты табыстау рәсімінде облыс бас имамы бұл жетістік жеке еңбектің ғана емес, барлық дін қызметкерлерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті. Сондай-ақ өңірдегі діни қызметтің дамуына үлес қосып жүрген имамдарға алғысын білдірді.

Өңір басшысы Н. Игілікұлының Маңғыстау облысына қарасты барша дін қызметкерлеріне және жаны жомарт мешіт жанашырларының еңбегін бағалап жатқанына үлкен алғыс айтамыз. Айта кетейік, бұған дейін де облыстық «Бекет ата» мешіті «Жылдың үздік-қамқоршысы»2021  номинациясын иеленген болатын. Ұжымдық еңбектің еленгеніне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ел іші даудан, сырты жаудан аман болғай!