blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Қазақ дәстүрі мен ислам дініндегі отбасы құндылықтары тұғырнамасы» құжаты таныстырылды.

Жиында мешіттің наиб имамы Байкенже Серікбайұлы құжаттың негізгі мазмұны мен мақсатын жамағатқа түсіндірді. Ол бұл тұғырнама қазақ қоғамындағы отбасы институтын нығайтуға, рухани және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті.

Шара соңында жамағат тарапынан сұрақтар қойылып, тұғырнаманың мәні мен маңызы жан-жақты түсіндірілді.