blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ҚМДБ КОНЦЕПТУАЛДЫ ҚҰЖАТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының концептуалды құжаттары насихатталды.

Шара барысында мешіттің наиб имамы Іздібай Бегенұлы ҚМДБ әзірлеген маңызды құжаттардың мазмұнын жамағатқа кеңінен түсіндірді.

Екі тілде шыққан кітапта «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі», «Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы қызметкерлерінің этикасы», «Жеті рухани қазық» («Қазақстан мұсылмандарының Рухани түғырнамасы», «Діни лауазымдар тізілімі», «ҚМДБ атқаратын қызметтер», «Діни қызметкерлердің лауазымдық міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті»), «Зияткер имам тұжырымдамасы» сынды маңызды концептуалды құжаттар енген.