blog Images

«Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында 40 отбасыға көмек берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Тайқазан» қайырымдылық жобасы аясында Ақтау қалалық «Шопан ата« мешіті 40 отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетті.

Жобаның мақсаты – тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі және мұқтаж отбасыларға тұрақты түрде көмек көрсету, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру.

Қайырымдылық  шара барысында күнделікті тұтынуға қажетті барлық азық-түлік себеттері өңірдегі мұқтаж жанұяларға табысталды.