blog Images

ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР МЕН ИМАМДАРДЫҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Медиация-қоғам тыныштығының кепілі»атты этномедиаторлар мен имамдардың тәжірибе алмасу семинары өтті.

Аталған шараға мешіт имамдары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиаторлары қатысты.

Жиын барысында Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы:«Медиация – қоғамдағы тыныштық пен татулықты нығайтудың маңызды тетігі. Бұл бағыттағы жұмысты мешіттерде де жүйелі түрде дамытуымыз қажет»,деді .Сондай -ақ,медиация бойынша мешіттерде атқарылып жатқан жұмыс барысын атап өтті.

Тәжірибе алмасу семинарында Президенттің XXXIV сессиядағы сөзінде атап өткен: «Елдесу және татуласу» жобасының ауқымын кеңейтіп, алдағы екі жылда бүкіл елге тарату қажеттігі турасында айтылған тапсырманың маңызына тоқталып, қоғамдағы тұрақтылықты, бірлікті және татуласу мәдениетін дамыту бағыттары талқыланды.

Жиында Маңғыстау облыстық Мәслихат және Қазақстан халқы Ассамблеясы этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Жәнібекұлы Матаев, Мұнайлы ауданы Қызылтөбе-2 ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы Айғабыл Дәуірханұлы , облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек қажы Нұрасылұлы  сөз алып, медиация бағытындағы тәжірибемен бөлісті.

Жиын соңында «Бекет ата мешітіне – 20 жыл» мерекелік медалімен Жаңбырбай Жәнібекұлы, Оңайбек Нұрасылұлы және Тагиев Таги  Зиратдин Оглы  марапатталды.