ЖАНТ мүшесі шекара қызметкерлерімен кездесті
Түпқараған ауданының бас имамы Серікболат Бежен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне қарасты жағалау күзетінің екінші дивизионы қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында аудан бас имамы «Отанды сүю және рухани мықты болу» тақырыбында тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында Серікболат Бежен ел қорғау – ең абыройлы әрі сауапты іс екенін атап өтіп, әрбір әскери қызметшінің жүрегінде иман мен рухани беріктік қатар болуы қажеттігін айтты.



