Маңғыстау ауданының бас имамы Сайөтес ауылдық мешітінде жұма уағызын айтты
Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы Сайөтес ауылдық мешітінің жамағатымен кездесіп, жұма уағызын жүргізді.
Жұма уағызында аудан бас имамы «Алланың құзырында ең ардақты іс – тақуалық» тақырыбында насихат айтты. Уағыз барысында Ербол Айдарұлы тақуалықтың мәні мен мұсылман өміріндегі маңыздылығын түсіндіріп, шынайы тақуалық – адамның сыртқы амалы мен ішкі ниетінің тазалығы екенін атап өтті.




