ЖАНТ мүшесі әскери бөлім қызметкерлерімен кездесті
ЖАНТ мүшесі,Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа (с.ғ.с.)» мешітінің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы Аумақтық қорғаныс бригадасы №99240 әскери бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Айғабыл Дәуірханұлы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтау тақырыбында насихат айтты.
Шараның мақсаты – әскери қызметкерлер арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу.

