Баянды мешітінің имамы Республика күніне орай Алғыс хатпен марапатталды
Баянды ауылдық әкімшілігінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті.
Ауылдық клубта өткен дәстүрлі концерт барысында ел бірлігі мен тәуелсіздік құндылықтарын дәріптейтін рухты әндер мен қойылымдар орындалды.
Шара соңында ауыл әкімдігі бірқатар мекеме мен ұйым қызметкерлерін Алғыс хатпен марапаттап, қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.
Солардың қатарында Баянды ауылдық мешітінің имамы Саламат Түгелбайұлы да бар. Ол ауыл жамағаты мен жастар арасында жүргізіп жүрген рухани-ағартушылық және тәрбиелік бағыттағы еңбегі үшін Алғыс хатқа ие болды.
Бұл марапат — елдік мерекеде халыққа адал қызмет етіп жүрген дін қызметкерлеріне көрсетілген құрметтің бір көрінісі болды.


