blog Images

Баянды ауылдық мешіті:Мектеп оқушыларымен кездесу өтті

Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлы мектеп оқушылары мен ата-аналармен  кездесіп,«Нашақорлықтың зияны және оның салдары» тақырыбында насихат айтты.

Кездесуде Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлы жастар арасында есірткі мен ішімдікке тәуелділіктің қоғамға тигізер зияны жөнінде насихат айтты. Сондай-ақ, «Арақсыз ауыл» бастамасы мен қылмыстың алдын алу бағытындағы өзекті мәселелер қозғалды.

Жиынға ауыл әкімі мен учаскелік полиция өкілдері қатысып, ата-аналармен бірлесе отырып жасөспірімдердің тәрбиесі мен қауіпсіздігі жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы түсіндіріліп, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі ерекше атап өтілді.