ЖАҢАӨЗЕН МЕШІТТЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешітінде 2025 жылдың қорытындысына арналған жылдық есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыс барысында қалаға қарасты мешіттердің жыл бойы атқарған жұмыстары талқыланды. Атап айтқанда, уағыз-насихат жүргізу, діни сауат ашу, жат ағымдардың алдын алу және қайырымдылық бағыттары бойынша есептер тыңдалды.
Сонымен қатар, ҚМДБ«Зекет және қайырымдылық» қорының, уағыз-насихат, діни білім және кадр дайындау, сондай-ақ жастар ісі бөлімдерінің бір жылдық қызметі жөнінде баяндамалар ұсынылды.
Жиын барысында алдағы жылға арналған жоспарлар қаралып, діни қызметтің тиімділігін арттыру мен қоғаммен тығыз байланыс орнату бағытындағы міндеттер айқындалды.





