Қарақия ауданы:Жастар ресурстық орталығында кездесу өтті
Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығында «Кішіге ізет, үлкенге құрмет — ұлттың ұлы ұстанымы!» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Шараға аудандық орталық мешіттің бас имамы Серік Есмурзаев қатысып, жастарға кішіге ізет пен үлкенге құрмет көрсету — имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі екенін әсерлі мысалдармен жеткізді.
Құрмет пен ізет — ұлттың рухани тірегі. Әр жас осы ұстанымды өмірінің шамшырағына айналдырса, қоғам да нұрлана түседі, — деді имам Серік Есмурзаев.
Кездесуге аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Қыйлымғали Көшенов пен аудандық мұражай директоры Нұртай Қонайұлы қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар жастарды ізгілікке, мәдениет пен парасатқа үндеп, тәрбиелі ұрпақ — ел дамуының негізі екенін атап өтті.
Шара еркін сұхбат форматында өтіп, жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, көкейдегі сұрақтарына жауап алды. Рухани мазмұнға толы кездесу қатысушылардың көңілінен шықты.


