blog Images

Қарақия аудандық мешіті:Мекеме қызметкерлерімен насихат жұмыстары жүргізілді

Қарақия аудандық орталық мешітінің ұстазы Ерғазы Ербол «Тұрмыс Сервис» мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында ұстаз дәстүрлі діннің қағидаттарын түсіндіріп, қоғамдағы радикалды көзқарастар мен адасушылықтың алдын алу жолдарына тоқталды. Сондай-ақ, азаматтарды діни сауаттылықты арттыруға және ақпаратты тек ресми діни көздерден алуға шақырды.