blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінде Республика күніне орай асық ату сайысы өтті

Республика күніне орай  Жаңаөзен қаласы Рахат ауылдық Оразмағанбет ахун мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында  ұлттық ойын — асық ату сайысы өтті.

Сайысқа 7 пен 14 жас аралығындағы балалар қатысып, өз шеберліктерін сынға салды. Ұлттық дәстүрді жаңғырту мен жастарды спорт пен руханиятқа баулуды мақсат еткен шара көтеріңкі көңіл күйде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері  1-орын — велосипед, 2-орын — дауыс ұлғайтқыш (колонка),3-орын (самокат) арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Ұлттық ойын — ұлт рухын көтереді» ұранымен өткен сайыста мешіт бас имамы Оразбай Түркменбайұлы жас буынға отансүйгіштік пен Тәуелсіздіктің қадірі мен ел бірлігі жөнінде насихат айтты.

Сонымен қатар,балаларға қазақстан шоколады мен тәттілер үлестіріліп,мерекелік көңіл-күй сыйланды.