blog Images

Республика күніне орай Түпқараған ауданында білім сайысы өтті

Республика күніне орай Түпқараған аудандық орталық мешітінде жамағат арасында ауданаралық діни білім сайысы ұйымдастырылды.

Білім сайысының  басты мақсаты – жамағаттың діни танымын арттыру, ынтымақ пен бірлікті нығайту.

Сайыс барысында қатысушылар өз білімдерін сынап, діни сауаттылықтарын көрсетті.Жеңімпаз атанған жандарға арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Іс-шара соңында дастархан басында жамағатпен бірге басқосу ұйымдастырылды.

Мешіттің бас имамы Серікболат Бежен жиналған жамағатқа Тәуелсіздік пен ел бірлігінің маңызы туралы тағылымды насихат айтты.