«Ержан хазірет» мешіті «Аналар үйіндегі» аналарға көмек көрсетті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Ақтау қалалық «Ержан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен «Аналар үйінде» тұрып жатқан жалғызбасты аналарға қайырымдылық көмек көрсетті.
Қиындыққа тап болған аналарға демеу болып, олардың қоғамдағы орнын нығайтуға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған игі шара барысында аналарға қаржылай қолдау көрсетіліп, сонымен қатар сәбилерге арналған киім-кешек пен тұрмыстық заттар табыс етілді.

