Түпқараған ауданында ақсақалдар арасында бата сайысы өтті
Түпқараған аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Ақ бата – асыл қасиет» атты ақсақалдар арасындағы бата беру сайысы өтті.
Шараға аудан ақсақалдары қатысып, өздерінің мәнді, мазмұнды, өнегелі баталарын ортаға салды. Қатысушылар батаның шығу тарихы мен тәрбиелік мәнін баяндап, ізгі тілектерін жеткізді.
Сайыс барысында қатысушылардың шеберлігі, сөз саптауы, ұлттық дәстүрді сақтауы мен көркем жеткізу мәнері ескерілді. Әрбір батада ел бірлігі, амандық, ұрпақтың игілігі мен рухани тазалық сынды құндылықтар көрініс тапты.
Жиын соңында үздік деп танылған ақсақалдарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.Мешіт бас имамы Серікболат Бежен мұндай игі шаралар дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, үлкенге құрмет, кішіге ізет ұстанымын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.






