ЖАҢАӨЗЕНДЕ ИМАМДАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ЖҰМЫС ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жаңаөзен қаласына қарасты дін қызметкерлеріне арналған жұмыс жиыны өтті.
Діни қызметкерлерімен өткен жиында облыс Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жүргізіп, өңірдегі діни бағыттағы өзекті мәселелер мен алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды.
Күн тәртібінде бірнеше маңызды тақырыптар қаралды. Атап айтқанда:
1.Уағыз-насихат жұмыстарының тиімділігін арттыру, жамағатпен тығыз байланыста болу, қоғамда имандылық пен рухани тәрбиеге шақырудың заманауи әдістерін қолдану мәселелері сөз болды.
2.Оқу-ағарту және сауат ашу бағытында медреселер мен курстардың жұмысын жетілдіру, жастар арасында діни білімге деген қызығушылықты арттыру жайы талқыланды.
3.Дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жат ағымдардың алдын алу мәселесіне тоқталды.
4.Оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын түсіндіру бағытындағы тәжірибелермен бөлісті.
5. Алдағы қыс мезгіліне дайындық және мешіттердің қауіпсіздік, жылу мәселелерін назарда ұстау тапсырылды.
6. «Мүфтият бұрышы» айдарын тиімді жүргізу, жамағатқа қажетті ақпаратты жеткізу жолдары талқыланды.
7.Уақып қорларының жұмысы, қайырымдылық пен демеушілік шараларын жүйелеу мәселелері қозғалды.
8.БАҚ-пен жұмыс жоспары пысықталды.
9.Пәтуа беру және түсіндіру жұмыстарының тәртібі, өзектілігі баяндалды.
10.Сондай-ақ жамағаттың рухани жағдайы, әлеуметтік қолдау мен мешіт қызметкерлерінің жауапкершілігі жайлы ой бөлісті.
Жиын соңында облыс Бас имамы дін қызметкерлеріне қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтау, ел бірлігі мен ынтымағын нығайту жолында белсенді қызмет етуге шақырды.


