Бейнеу аудандық мешітінде білім сайысы өтті
Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінде Мәуліт айының құрметіне “Сира Quiz” атты діни интеллектуалды білім сайысы өтті.
Мәуліт айының құрметіне орай Бейнеу аудандық Ыбырайым ахун мешітінде жамағат арасында “Сира Quiz” атты танымдық сайыс ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – Пайғамбарымыз Мұхаммед ( с.ғ.с )өнегелі өмірін насихаттап, жамағаттың діни білімін арттыру және сүннетке сүйіспеншілікті күшейту болды.
Сайыс барысында қатысушыларға Пайғамбар өмірбаяны мен ислам тарихына қатысты сұрақтар қойылып, діни білімдері сыналды.
Іс-шара соңында үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға мешіт тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.





