blog Images

Қосай ата мешітінде Мәуліт кеші өтті

Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық Қосай ата мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани кеш ұйымдастырылды.

Игі шара барысында ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры насихатталып, жамағатқа өнегелі өмір жолы жайлы тағылымды ойлар жеткізілді.

Мерекелік кеште шәкірттер арнаулар оқып, пайғамбарға деген сүйіспеншіліктерін өлең жолдарымен жеткізді. Сонымен қатар, шараға арнайы келген  «Шаңырақ»мешітінің бас имамы Еркеғали Әлбетов пен «Оразмағанбет ахун» мешітінің бас имамы Оразбай Адаев  имамдар жамағатқа мәнді-мағыналы уағыз-насихат айтып, Мәуліттің рухани маңыздылығын түсіндірді.