РАНТ мүшесі Сайын Шапағатов мешітінде насихат айтты
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің жамағатымен жүздесті.
Кездесу барысында Елбек Тасболатұлы «Ислам және психология» тақырыбында мазмұнды дәріс оқып, жамағатқа дін мен адамның ішкі жан дүниесінің өзара байланысы жөнінде түсінік берді. Сондай-ақ, қоғамдағы түрлі рухани және психологиялық мәселелерді шешуде ислам құндылықтарының маңыздылығын атап өтті.
