blog Images

Шопан ата және Бекет атаның 275 жылдығына орай облыстық Құран жарысы өтті

ҚМДБ Маңғыстау облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Шопан ата және Пір-Бекет атаның туғанына 275 жыл толуына орай,қасиетті Құран Кәрімнің үш парасын жатқа оқудан ұл балалар арасында облыстық байқау өтті.

Байқау шарттарына сәйкес, 18 жасқа толмаған, тек Маңғыстау облысының тұрғыны болып табылатын және бұған дейін республикалық не облыстық Құран жарыстарының жеңімпазы болмаған үміткерлер бақ сынады.

Игі шара барысында облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құран жаттаудың сауапты амал екендігін айта келе, Шопан ата мен Пір-Бекет атаның ислам дінін насихаттаудағы еңбегіне, олардың ел бірлігі мен имандылық жолындағы үлгі боларлық өміріне тоқталды. Сондай-ақ жас ұрпаққа бабалардың рухани мұрасын қастерлеу қажеттігін атап өтті.

Қазылар алқасы құрамында:

1.Ильясов Нұрғиса

2.Жұманазар Жәнібек

3.Ығылман Мұхаммед

4.Сатешов Айбек қарилар қазылық етіп,барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша:

  • І орын – Нұр Дастан (500 000 тг)
  • ІІ орын – Жұмабай Айбек (300 000 тг)
  • ІІІ орын – Түркменбай Қайсар (200 000 тг) иеленді.Марапаттау рәсіміне ел азаматы Нұржігіт Нұрболатұлы арнайы қатысып, жүлдегерлерге сыйлықтарды табыстады.Сондай-ақ,барша қатысушыларға ынталандыру мақсатында қаржылай сыйлықтар берілді.