blog Images

ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы студенттермен кездесті

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапар барысында  Бейнеу мәдениет үйінде студенттермен кездесті.

«Рухани байлық – мәңгілік қазына» тақырыбында өткен рухани жиында  ұстаз жастарды білімге, адамгершілікке, имандылыққа үндеп, ұлттық және діни құндылықтарды қадірлеудің маңызына тоқталды. Кездесуге қатысқан студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тағылымды кеңес алды.