blog Images

РАНТ мүшесі Бейнеу ауданының жамағатымен жүздесті

Бүгін,ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы, РАНТ мүшесі Елбек Тасболатұлы  Маңғыстау облысына іссапар барысында  Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің жамағатымен кездесті.

Ақшам мен құптан намазының аралығында өткен насихат барысында ұстаз жамағатты бірлікке, ізгі амалдар жасауға және дініміздің құндылықтарын терең түсінуге шақырды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған діни сауалдарына жауап берді.