blog Images

«Әл-Хаким» мешітінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешіті күрделі жөндеуден өтті.

Құлшылық үйінің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы жөндеу жұмыстарын жүргізген азаматтарға көпшіліктің алдында алғыс хаттар табыс етті.

Сондай-ақ, мешіт имамы осы кеште Рамазан айы бойы тарауық намазын жүргізетін қариларды жамағатқа таныстырды.