«Мұстафа» мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт кеші өтті.
Шараны мешіттің бас имамы Айғабыл Дәуірханұлы ұйымдастырып, жиналған жамағатқа уағыз айтып, дұға жасады.
Рухани кешке Мұнайлы аудандық «Ар-Рахман» мешітінің жамағаты, «Әбу Молда» мешітінің бас имамы Берік Чавкаров, «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхамбет Байбозов, сондай-ақ облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің азаншысы Әли Қазақ арнайы қатысып, Мәуліт жырын оқыды.
Жиында имамдар уағыз-насихат айтып, Пайғамбарымыз жайлы өнегелі өсиеттер айтып,жамағатпен бірге салауаттар айтылды.Шара соңында жиналған жамағат бірге құптан намазын оқып, Аллаға шүкірлікпен тарасты.




