«Әл-Хаким» мешітінде Мәуліт жыры оқылды
Мұнайлы ауданындағы «Әл-Хаким» мешітінде Мәуліт мерекесіне орай рухани отырыс ұйымдастырылды.
Шара барысында жамағат пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ салауат айтып, Мәуліт оқылды. Мәуліт жырын Жаңа Дәулет ауылдық «Әбу Молда» мешітінің имамы Берік Чавкаров оқыды.
Рухани кешке қатысқан жамағат жүректерін иман нұрымен байытып, Мәуліт мерекесінің берекесін сезінді.
