blog Images

“ҚҰРАН-МҰҒЖИЗА” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдығына орай, Жаңаөзен қаласы орталық “Әбіш қожа” мешітінің ұйымдастыруымен “Құран-Мұғжиза” атты Құран Кәрімнің 28- 29-30 параларын жатқа және мәнерлеп оқудан  облыстық Құран жарысы өтті.

Жасөспірімдер арасында өткен байқауға Ақтау қаласы,Түпқараған ауданы,Жаңаөзен қаласының қари шәкірттері қатысып,бақ сынады.Сайыс соңында жеңімпаз жүлделі шәкірттерге және сайысқа қатысқан барша шәкірттерге ынталандыруға сыйақы берілді.