Жаңалықтар

Жыл қорытындыланып, медиа-жоспар бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы «Mangystau TV» телеарнасының директоры Бекзат Бақбергенұлымен кездесіп, 2020 жылды қорытындылап, жаңа медиа-жоспарды бекітті.

Жастардың жат ағым жетегінде кетпеудің алдын алу, ұлттық құндылықтарды насихаттау, халықтың діни білімін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігі мен «Mangystau TV» арасындағы келісімге сәйкес, жергілікті дін қызметкерлері «Жұмадағы жүздесу», «Дін мен дәстүр», «Орта толсын» және өзге де бағдарламаларға қатысып келеді.

Осы орайда, бас имам Әнуар Ізімбайұлы мен телеарна директоры Бекзат Бақбергенұлы арнайы кездесіп, жоғарыда келтірілген бағдарламаларға қатысты 2021 жылдың медиа-жоспарын ортаға салып, бекітті.

2020 жылы «Маңғыстау» телеарнасының хабар тарата бастағанына 50 жыл толды. Жарты ғасырда бұл арна өңіріміздің тыныс-тіршілігін көрсетіп, танымдық хабарлар ұсына отырып, облыстың айнасына айналды. Елу жылда халқымыздың рухани, мәдени, қоғамдық құндылықтарының дамуына, ұлттық сана сезімнің қалыптасуына арнаның қосқан үлесі өлшеусіз екенін атап кеткен жөн.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close