Жаңалықтар

ЖАНТ мүшесі Өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесті

Маңғыстау облысындағы Жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі Мангалбай Шахабуддин Теңге ауылдық Өрт сөндіру бекетінде болды.

Рахат ауылдық «Оразмағанбет ахұн Тұрмағамбетұлы» мешітінің имамы, ЖАНТ мүшесі Мангалбай Шахабуддин мекеме қызметкерлеріне өзіне-өзі қол жұмсау секілді жағымсыз әрекеттің дініміздегі үкімін айтып, адамның денсаулығы мен өмірін – Алланың берген ең үлкен нығметтері ретінде қабылдау керектігін еске салды.

Сондай-ақ, адам баласының құмар ойындардың арқасында көптеген зиянға ұшырайтынын тілге тиек етіп, бұл жағымсыз қылықтан аулақ болуға шақырды.

ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес РАНТ және ЖАНТ мүшелері еліміздің түкпір-түкпірінде, соның ішінде Маңғыстау өңірінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айта кеткен жөн.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close