Жаңалықтар

Жаңаөзен қаласының бас имамы «Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы» басшысымен кездесті

Жаңаөзен қалалық «Әбіш қожа» мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жаңаөзен қалалық білім үйлестіру орталығы» ММ-нің директоры Жолмағамбетова Батпа Құралбайқызымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Жаңаөзен қаласындағы дін мен дәстүр сабақтастығы, оқу ағарту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, алдағы уақытта Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, ақынның мол мұрасын дәріптеу мақсатында түрлі сайыстар ұйымдастыру жоспарлары қарастырылды.

Бұдан бөлек, екі тарап халыққа ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені насихаттау бағытында бірлесіп жұмыс жасауға келісті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close