Жаңалықтар

Жаңаөзен: Экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша кездесулер өтті

Жаңаөзен қаласында дін саласындағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Жаңаөзен қаласы Ішкі саясат бөлімінің Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы ұйымдастырған бірінші кездесу Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде өтті.

«Экстремизм және терроризм: түсінігі, жауапкершілік түрлері» атты тақырыпта өткен бұл шараға Жаңаөзен жастар ресурстық орталығының директорының уақытша міндетін атқарушы Алшынбек Гусайынов, Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы және жергілікті Дін істері бойынша ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Ержан Таңжарықов қатысып, студенттерге діни экстремизмнің алдын алу мақсатында баяндамалар жасады.

Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастыруымен өткен екінші кездесу «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде өтті.

Танымдық кездесуге Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінің наиб имамы Жұмабай Қуандықұлы және жергілікті Дін істері бойынша ақпараттық талдау орталығының теолог-маманы Ержан Таңжарықов қатысты.

Дін саласындағы мамандар жастардың теріс діни бағыттарға адасып кетпеуінің алдын алу мақсатында, дұрыс жолды таңдауға ықпал жасау және дін бағыттарының аражігін ажыратып беру үшін колледж студенттеріне «Діни экстремизм – әлемге төнген қауіп» атты тақырыпта кездесу өткізді.

Tags

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close