Жаңалықтар

«Таза әлем» республикалық тазалық акциясы Маңғыстауда жалғасын тапты

Бүгін елімізде республикалық деңгейде «Таза әлем» акциясы өтіп жатыр. Осыған орай облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ауласын абаттандыру, санитарлық тазарту мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша Бас имамы Әнуар Ізімбайұлының басшылығымен «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағаты құлшылық үйінің ауласын қоқыстан тазартты.

«Еліміз бойынша іскер асырылып жатқан «Таза әлем» тазалық іс-шарасы біздің өңірімізде жалғасын тапты. Мешіт қызметкерлері мен жамағаты бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етуде. Бұл акцияға аға буын өкілінің де, жастардың да қатысып отырғаны қуантады. Әсіресе, өңіріміздегі Жастар ісі секторының меңгерушісі Оразов Жаңабай бастаған жастардың белсенділігін ерекше атап өткім келеді. Алла баршаңызға разы болсын!», – деп ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы осы сенбілікке белсенді атсалысқан барша мешіт жамағатына алғыс білдірді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close