Жаңалықтар

Студенттерге ихсан ілімі насихатталды

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының қатысуымен Бейнеу ауданының жастарымен тағылымды кездесу өтті.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етіп, осы бағыт бойынша Маңғыстау облысының жауапты өкілі Саламат Түгелбайұлын таныстырды.

Өз кезегінде Саламат Түгелбайұлы жастарға ихсан ілімінің жаңа дүние еместігін, ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз осы рухани тәрбие жолды ұстанып келгендігін, сондай-ақ, бүгінгі таңда мүфтиятымыз тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты бұл ілімнің дамуына жаңа леп беретіндігін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close