Жаңалықтар

«Шаңырақ ш/а» қалалық мешіті: 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Осыған бағыттардың ішінде басым бағыттардың бірі қайырымдылық екені сөзсіз.

Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ ш/а» қалалық мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлының бастамасымен, «НГДУ-4» мекемесінің ұжымы, сондай-ақ құлшылық үйінің жанынан ашылған «Иманды жастар» тобы және «Игі істер» қоғамдық қорының еріктілерінің қолдауымен «Әр жұмада бір шара» жобасы аясында кең ауқымды қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Ізгі һәм игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасыларға азық-түлік себеттері үлестіріліп, барлығы 100 жанұя қамтылды.

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Мырза Мұхаммадюсуфұлы:

«Мешіт өнегелік істерде халықпен тығыз қарым-қатынас орнатып, имандылықтың ордасы ретінде қызмет етуі керек. Бүгінгі игі іс-шараға атсалысқан мешітіміздің жамағатына алғысымызды айтамыз! Бірінші Алланың қалауымен, екінші қолы ашық азаматтардың арқасында осындай шараны өткізіп отырмыз. Баршаңызға Алла разы болсын! Алла сауаптан жазсын!», – деп атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close