Жаңалықтар

Рамазанның құрметіне 30 отбасыға қайырымдылық жасалды

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына іс-сапары барысында қайырымдылық шарасына қатысты.

«30 күн ораза – 30 отбасыға қайырымдылық» іс-шарасы аясында жергілікті әлеуметтік аз қамтылған, көмекке мұқтаж 30 отбасыға күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері салынған себеттер үлестірілді.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің дәстүрлі бағыттарының бірі – қайырымдылық екені белгілі. Осы орайда, өңіріміздің мешіттерінде жүйелі түрде ізгі һәм игі шаралар өткізіліп келеді. Бүгінгі қайырымдылыққа атсалысқан барша дін қызметкерлеріне, жомарт жандарға алғыс айтамын. Алдымызда келе жатқан Рамазан айы баршамызға мүбәрак болсын», – деді Әнуар қажы Ізімбайұлы.

 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close