Жаңалықтар

ҚМДБ: Онлайн дәрістер қыркүйек айында да жалғасады

Елдегі карантин жағдайына байланысты көктемде басталып, жазда жалғасқан ҚМДБ имам-ұстаздарының онлайн дәрістері келер күзде де көрермен назарына ұсынылмақ.

Нақтырақ айтқанда, 1 қыркүйектен бастап қазақ тіліндегі дәрістер күн сайын сағат 12:00-де, ал орыс тіліндегі онлайн дәрістер 18:00-де тікелей эфирде өтеді. Сонымен бірге, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Жұма насихатын әр жұма сайын сағат 13:00-де тыңдай аласыздар.

Қазақ тіліндегі дәрістерді Мүфтияттың Instagram-дағы парақшасынан (@muftiyatkz) және Хикмет студиясының ютуб арнасынан, ал, орыс тіліндегі онлайн дәрістерді @hikmet.tv Инстаграм парақшасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Онлайн-дәрістердің кестесін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close