ҚМДБ бөлім меңгерушісі Маңғыстау имамдарына семинар өткізді

Бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің және Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, ғұламалар кеңесінің хатшысы, РАНТ мүшесі Батыржан Берденұлы «Уағыз-насихат айтудың әдебі» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Азамат Нұғманұлы және Ақтау, Жаңөзен қалалары және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған аудандарының дін қызметкерлері қатысты.
Батыржан Берденұлы имамдар мен ұстаздарға бұл тақырыпты жан-жақты ашып, жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды.
Семинар соңында имамдар мен ұстаздарға сертификаттар табыс етілді.