Жаңалықтар

Онлайн Құран хатым кестесі жарияланды

Назарларыңызға 2021 жылғы ҚМДБ-ның Маңғыстау өкілдігі қариларының онлайн Құран хатым кестесін ұсынамыз!

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы жергілікті қарилармен кездесу өткізген болатын.

Осыған орай, қасиетті айдың әр күні бесін және екінті намаздарынан алдын Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің beket_ata.kz атты Instagram парақшасында онлайн Құранды хатым оқылатын болады.

Бұл игі шараға Құранды толығымен жаттап, қате-кемшіліксіз оқитынын түрлі деңгейлі Құран жарыстарында абыроймен ақтап шыққан Әли Қазақ, Асқар Ахлиддин, Мұхаммед-Бабыр Махмудов, Асқар Сапарбаев, Айбек Сатешов, Бисмиила Абдуллаұлы, Мұхаммед Ығылман, Заманбек Жанғазиев сынды қарилар қатысады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close