Жаңалықтар

Маңғыстау облысының бас имамы ағаш отырғызу шарасына қатысты

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлының қатысуымен Маңғыстау ауданының орталық саябағында ағаш отырғызу шарасы өтті.

Игі шараға Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы, Маңғыстау өңірі бойынша Ихсан іліміне жауапты Саламат Түгелбайұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бағытына жауапты Еркеғали Әлбетов, Жастар ісі секторының меңгерушісі және «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы, «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жергілікті жауапты өкілі Мұхамбет Исағалиұлы, Маңғыстау ауданының бас имамы Амалбаев Құралбай, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы қатысты.

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Кімде-кімнің қолында бір құрма ағашының көшеті (тал шыбығы) болса, соны қиямет қайым басталып кетсе де дереу отырғызып үлгерсін», деп айтқан. Ата-бабаларымыз да «атадан мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Тал отырғызу – бұл тек сүннет емес, үлкен ізгілік. Отырғызылған ағаштарымыздың берекесін ұрпақтарымыз көрсін деп дұға етейік. Алла баршамызға разы болсын!», – деді Әнуар Ізімбайұлы аталмыш іс-шара барысында.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close