Жаңалықтар

Маңғыстау имамдары Рамазанға дайындықты пысықтады

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен карантин кезіндегі ораза тақырыбындағы брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Осыған орай, Маңғыстау имамдарының Рамазан айына дайындыққа қатысты кезектен тыс жиыны өтті.

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиынға өңірімізге қарасты қала, аудан мешіттерінің бас имамдары, жеті жұмыс бағыты бойынша жауапты наиб имамдар қатысты.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты биылғы Рамазан айының да ерекше жағдайда өтетіндігін тілге тиек етіп:

«Бас мүфтиіміз Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен бүгінгі брифингті көрдіңіздер. Еліміздегі жағдайға байланысты мешіттеріміздегі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Әсіресе қайырымдылық іс-шаралары мен акциялары кезінде осы мәселеге ерекше көңіл бөлуді тапсырамын», деді.

Бұдан бөлек бас имам өкілдікке қатысты әлеуметтік желі парақшалар арқылы жүргізілетін онлайн уағыз-насихат жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар берді.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close