Жаңалықтар

Маңғыстау ауданында жеті бағыт бойынша жиын өтті

Бүгін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы Маңғыстау ауданына арнайы іс-сапармен барып, жергілікті мешіттердің 7 бағыт бойынша есебін тыңдады.

Бас имамның төрағалығымен өткен алқалы жиынға Маңғыстау өңірі бойынша Ихсан іліміне жауапты Саламат Түгелбайұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бағытына жауапты Еркеғали Әлбетов, Жастар ісі секторының меңгерушісі және «Зекет» корпоративтік қорының жергілікті өкілі Іздібай Бегенұлы, «Qamqor-Sharapat» ЖШС-нің жергілікті жауапты өкілі Мұхамбет Исағалиұлы, Маңғыстау ауданының бас имамы Амалбаев Құралбай, «Отпан» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығы» қоғамдық қорының басшысы Азамат Нұғыманұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Алғы сөзді алған Әнуар Ізімбайұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарламалық баяндамасындағы жеті жұмыс бағытының маңыздылығы жайлы айтып өтіп:

«Бұл бағыттар бойынша жұмыс қарқынын күшейтіп, олқылықтардың орнын толтыруымыз қажет. ҚМДБ тарапынан келген нұсқаулықтарға сәйкес, келе жатқан қасиетті Рамазан айына дайындықты тағы бір рет пысықтаңыздар. Маңғыстау өңірі жасыл аймаққа кіргенімен, санитарлық талаптарға селқос қарамаңыздар. Ауданға қарасты мешіттерде барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаңыздар», деді.

 

 

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close