Жаңалықтар

«Ихсан ілімі – әдептілік пен рухани кемелдену жолы» атты семинар басталды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Діни басқарманың кеңейтілген Төралқа мәжілісінде 2021 жылы атқарылатын жұмыстардың жеті бағытын бекіткен болатын. Соның ішінде Ихсан ілімі – рухани тәрбие бағытына ерекше көңіл бөліп, бұл ұстанымды кеңінен насихаттау қарастырылған. Осыған орай, бүгін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Ихсан ілімі – әдептілік пен рухани кемелдену жолы» атты ақпараттық-танымдық, рухани семинары басталды.

Іс-шараның шымылдығын Жаңаөзен қаласының бас имамы, РАНТ мүшесі Юнус Қадырқұлұлы қасиетті Құран аяттарымен ашты.

Аймақтық деңгейде өтіп жатқан іс-шараға Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Қойшиев, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев және Ақтау, Жаңөзен қалалары мен облысымыздағы 5 аудан (Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы, Түпқараған) мешіттерінің имамдары, қызметкерлері қатысуда.

Алғы сөзді алған ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша өкілі Әнуар Ізімбайұлы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Ихсан іліміне ерекше көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етіп, рухани семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Сансызбай Құрбанұлы ихсан ілімін насихаттау – жаңадан басталған дүние еместігін, ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз осы рухани тәрбие жолын ұстанып келгендігін, сондай-ақ, бүгінгі таңда мүфтиятымыз тарапынан жасалып жатқан жұмыстардың мақсаты бұл ілімнің дамуына жаңа леп беретіндігін атап өтті.

ҚМДБ-ның Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Қанат Мұқанғалиұлы деструктивті діни ағымдардан зардап шеккен азаматтармен жұмыс аясында атқарылған жұмыстар, әдіс-тәсілдер мен оң тәжірбиелер туралы баяндама жасады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close