Жаңалықтар

«Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында аудан имамы баспаналы болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 362-ші баспанасы Маңғыстау ауданының бас имамы Амалбаев Құралбайға тапсырылды.

Аталмыш іс-шараға ҚМДБ-ның Маңғыстау өңірі бойынша бас имамы Әнуар Ізімбайұлы және Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Хабибуллаұлы арнайы қатысып, Құралбай имамға баспана кілтін табыстады.

Бұл игі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шалғай ауылдардағы дін қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету бастамасы аясында жүзеге асып отыр. Аталған шараның мақсаты – баспанасыз дін қызметкерлерін үй-жаймен қамтамасыз етіп, барынша қолдау білдіру болып табылады.

Ұқсас жазбалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Close