Жаңалықтар
Бейнеу ауданы: Шекара қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің бас имамы Адайбек Мақанұлы Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша Департаментінің Бейнеу ауданы бойынша шекара басқармасында болды.
Кездесу барысында Адайбек Мақанұлы мекеме қызметкерлеріне өзіне-өзі қол жұмсау секілді әрекеттің дініміздегі үкімін айтып, оны тығырықтан шығар жол емес деп, суицид туралы ойлардан аулақ болуға шақырды.